АБАЙ ОБЛЫСЫ, ҮРЖАР АУДАНЫ «АҚМАРАЛ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖЫЛҚЫНЫҢ САЛЬМОНЕЛЛЕЗДІК ІШ ТАСТАУЫН АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада Үржар ауданы аумағында орналасқан «Ақмарал» шаруа қожалығында жылқының сальмонеллездік іштастауын алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Үржар ауданы бойынша жылқылардың сальмонеллездік іш тастауы бойынша эпизоотологиялық жағдайын анықталып, жылқыларды сальмонеллезге қарсы вакцинациялау жұмысын жүргізу нәтижелері жарияланып отыр. «Ақмарал» шаруа қожалығының аумағында эпизоотияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларының сальмонеллезі бойынша қолайсыз пункттер мезгіл-мезгіл тіркеледі. Эпизоотологиялық кезеңде немесе эпизоотиялық процестің қарқындылығының төмендеуінде сальмонеллалар ауыл шаруашылығы жануарларының, синантропты және жабайы фаунаның популяцияларында айналымын жалғастыруда. Сонымен қатар, жұқпалы аурудың стационарлық көрінісі табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Қолайсыз факторлардың әсері организмнің табиғи төзімділігінің төмендеуіне, соның ішінде нақты профилактиканың тиімділігіне әкеледі. Сальмонеллез кезіндегі эпизоотиялық процестің шиеленісіне факторлардың әсерін бағалау осы ауру бойынша Үржар ауданы аумағының эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін ветеринариялық іс-шараның қолданыстағы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. В-0147 Salmonella abortus equi Е-841 штаммынан тірі вакцинамен жүйелі егу жануарларды сальмонеллез этиологиясының түсіктерінен қорғауды қамтамасыз етеді, құлындардың шығымдылығын, сүт өнімділігін арттырады, нәтижесінде шаруашылықтар үлкен экономикалық әсер алады. Вакцина 100 % жағдайда тәжірибелі биелерді сальмонеллалық түсік жасатудан қорғайды. Егілген жануарлардың иммунитеті бір жыл бойы сақталады.
Автор
М. Қ. Батырбеков
А.С. Койгельдинова
М. К. Нуркенова
Л.М. Усенова
DOI
https://doi.org/10.48081/JKJB6632
Ключевые слова
Salmonella abortus equi
сальмонеллездік іш тастау
штамм
вакцинациялау
профилактика
Год
2024
Номер
Выпуск 1