АГРОБИОЛАБОРАТОРИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ СҮРЕКТІ-БҰТАЛЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ ДОМИНАТТЫ ТҮРЛЕРІ
Аннотация
Мақалада 2025 жылдың көктемі мен жаз мезгілдерінде, «Шәкәрім университеті» агробиолабораториясының аумағында сүректі-бұталы өсімдіктердің зиянкестерінің түрлік құрамына зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде сүректі-бұталы өсімдіктердің жапырақтарына, гүлдеріне, өркендерін және тамыр жүйесіне зақым келтіретін фитофагтардың түрлері анықталып, сипатталды. Негізгі зиянкестерге Cetonia aurata, Mylabris fabricii, Palomena prasina, Caliroa cerasi, Aleyrodes protella, Athous haemorrhoidalis, Labidostomis pachysoma, Clytra laeviuscula, Myzus cerasi және Gracillaria syringella түрлері жатады, олардың келтіретін зияны туралы ақпарат берілді. Аталған зиянкестер фотосинтездің төмендеуіне, өсімдіктің әлсіреуіне, өсуінің баяулауына, сонымен қатар, өнімділігінің төмендеуіне алып келетіні сипатталды. Зиянкестер өсімдіктерді зақымдап ғана қоймай,бактериялық аурулардың таралуына әсер ететіні байқалды. Зиянкестердің популяциясы артқан жағдайда, әсіресе, жеміс ағаштарының өнімділігі төмендеп, жемістерінің сапасы нашарлайтындығы және өсімдік толығымен жойылу ықтималдылығы туындауы мүмкін. Зиянкестер, әсіресе, маусым және шілде айларында белсенді және өсімдіктерді осы айларда бақылап, зиянкестерден залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілу қажеттілігі туындайтындығы назар аудартады. Себебі, өсімдіктерді залалсыздандыру жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі өсімдіктің қурап кетуіне, тіпті жойылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, әрбір зиянкестің түрлерін танып-білу маңызды және өте қажет.
Автор
Савиханова Аида
Куанышбаева Меруерт
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2105
Ключевые слова
Зиянкес
Өсімдік
Түр
Популяция
Фитофаг
Год
2026
Номер
Выпуск 2