ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада қазақтың асыл тұқымды жылқыларының сүт өнімділігі, соның ішінде нарын типті жылқылардың тұқымдық және кластық құрамы, жылқылардың дене өлшемдері мен тірі салмақтары,2012 жылы туылған сауын биелердің сүтөнімділігі және әртүрлі генотиптегі биелердің сүттілігі туралы нәтижелер көрсетілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әртүрлі генотипті жылқыларының сүтінің сапасының әр мезгілде өзгеруі және сүттілігі туралы салыстырмалы зерттеулер жүргізілген.
Біздің үйірлі жылқы шаруашылығындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымыздың негізі мақсаты, жергілікті жабы, көшім, мұғалжар жылқы тұқымдарын будандастыру арқылы жылқылардың жаңа тиіптерін, аталық, аналық түрлерін, тұқымдарын шығару. Ең маңызды ұстанымымыз болашақта шығатын жергілікті жылқы тұқымдарының табиғат пен бір тұтас өмір сүре алатын қасиеттілігі, сүттілігі мен еттілік өнімдерінің жоғары, экологиялық талаптарға сай болуын әр дайым қатаң бақылауда ұстау. ДНК технологиясының жетістіктерін толық пайдалану арқылы сүтті бағыттағы аймақтық жылқы шаруашылығын ашу.
Автор
А. С.Зейнуллин
Т. Ш. Асанбаев
Б. Атейхан
Б. М. Буранбаев
DOI
https://doi.org/10.48081/JCAW4545
Ключевые слова
Нарын тип
асыл тұқым
экология
сүттілік
еттілік
беиімделу қасиеті
Год
2022
Номер
Выпуск 3