ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРУ АНАЛИЗАТОРЛАРЫНЫҢ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІН ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУ/*
Аннотация
Бұл мақалада көру қабілеттілігі, көз анализаторының ерекшеліктері, мектеп жасындағы оқушылардың көру қабілеттілігінің деңгейі туралы жазылған. Көз анализаторы – табиғатты, жан-жақты көруге арналған ерекше сезім мүшесі. Ақпараттың 90%-ын көз арқылы аламыз, түстерді ажыратамыз, жазу, оқу, емін-еркін жүріп-тұруымыз барлығы көз жанарымызбен тығыз байланысты. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының арасында көру қабілеттілігінің оқу және дене еңбегіне байланысты өзгеріп жатқанын байқауға болады, бұл, әрине, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мектеп оқушыларының көру қабілеттіліктерінің төмендеу деңгейі не себепті деген сұрақ туындары сөзсіз. Әрине, көру қабілеттілігінің нашарлауына түрлі факторлар әсер етеді. Мысалға алсақ, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, дұрыс тамақтанбау, дене еңбегімен ой еңбегін тиімді пайдаланбау, көз дәрігеріне уақытылы тексерілмеу тағы да түрлі себептер болуы мүмкін. Соңғы екі жылда елдегі карантиндік талаптарға байланысты онлайн-форматта оқитын қазақстандық оқушылардың көру деңгейі төмендей түскен. Себебі, оқушылар компьютерлер мен смартфондарға тәуелді болды. Дәрігерлерде осы ойды дәлелдеп отыр. Сол себепті мектеп оқушыларының көру қабілеттілігін ғалымдар ұсынған әдістерді қолдана отырып бақылау, зерттеу маңызды болып табылады.
Автор
Абдишева З. В
Джумажанова М. М
* Отынбаева М. Қ
DOI
https://doi.org/10.48081/JBVS8329
Ключевые слова
көз
көру қабілеттілігі
оқушылар
көру анализаторы
Д. И. Сивцев кестесі
Е. Б. Рабкин кестесі
Год
2022
Номер
Выпуск 4