Мал шаруашылығында қолдануға арналған мобильді қосымша
Аннотация
Келтірілген мақалада сараптау нәтижесінде мал шарушылығын цифралндырудың қазіргі күйі туралы айтылады. Мақала авторалары қарастырылатын саланың ақпараттық технологиялар арқасында қол жеткізілген жануар ден-саулығының мониторинг жүйесі, мал басын бақылау жүйесі, автоматтандыру жүйелері және т.б. технологияларға шолу жүргізеді. Осыған қоса мақалада мал шаруашылығын цифрландырудың басты артықшылықтарына және даму жолдарына көіңл бөлінген. Қарастырылған технологиялар өнімнің сапасын көтеруге ықпал етеді мал тұратын бөлмелердің микроклиматын автоматтандыру жүйесі энергия шығынын төмендетуге және қоршаған ортаға әсерін азайтуға көмектесетіні туралы айтылған. Сонымен қатар магистрлік диссертация жұмыстың нәтижесінде фермелерге арналған мобильді қосымшаның интерфейсі туралы мәлімет берілген. Авторлар мобильді қосымшаның функцоналдарына кіретін мал шаруашылық процесстерін бақылау, шығындар мен кірістерді есепке алу, жануарлардың денсаулығын бақылау және т.б. көрсетілген. Сондай-ақ мақалада фермерлер үшін мобильді қосымшаларды пайдаланудың мүмкін болатын артықшылықтары, мысалы, жұмыс тиімділігін арттыру, шешім қабылдау уақытын қысқарту және мал шаруашылығын басқарудағы дәлдікті арттыру қарастырылады. Жалпы, мақалада шаруа қожалықтарына арналған мобильді қосымшаларға назар аудара отырып, мал шаруашылығын цифрландырудың қазіргі жағдайына маңызды шолу жасалған.
Автор
Аңсаған Ермахан Ербосынұлы
Оспанова Назира Нургазиевна
DOI
https://doi.org/10.48081/GGDN5729
Ключевые слова
ІТ-технологиялар
ауыл шаруашылығы
мал денсаулығы
мобильді қосымша
фермер
ақылды ферма
Год
2023
Номер
Выпуск 2