ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙЫ РАЦИОНЫНДА «AL KARAL» ОТАНДЫҚ ЖЕМШӨП ҚОСПАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Аннотация
Мақалада қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойының Солтүстік Қазақтан аймағының жағдайындағы қой рационында AL KARAL жемшөп қоспасын пайдалануда, қойдың тірілей салмағына әсері туралы нәтижелер көрсетілген. Сонымен қатар, қойдың рационындағы азықтардың химиялық құрамы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университінің мал шаруашығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасында орналасқан «Жемшөп пен сүтті зоотехникалық талдау зертханасында» зерттелінді. Зерттеу жұмысы барысында әлсіз саулықтар мен тоқтылардан тәжірибе және бақылау топтары құрылып, бөлінді. Жалпы алғанда зерттеу жұмысы 4 топпен жүргізілді. Тәжірибе тобындағы саулықтар мен тоқтыларға он бес күндік зерттеу жұмысы барысында, негізгі рационмен қоса күніне бір рет AL KARAL жемшөп қоспасы берілді, ал бақылау тобы тек күнделікті рационмен азықтандырылды. Зерттеу жұмысы басында және соңында қойлырдың тірілей салмағы электронды таразының көмегімен өлшенді. Зерттеу нәтижесінде тәжірибе тобындағы саулықтардың абсолюттік салмақ қосуы 1,45 кг, ал бақылау тобында 1,1 кг болды. Тәжірибе нәтижесінде зерттеу жұмысы жүргізілген тоқтылардың орташа абсолюттік салмақ қосуы тәжірибе тобында 1,7 кг, ал бақылау тобында 1,45 кг-ды көрсетті.
Автор
Молдахметова Мадина Биржановна
Омарова Қарлығаш Мирамбековна
DOI
https://doi.org/10.48081/XZKF3772
Ключевые слова
қой шаруашылығы
тірі салмағы
қой
тұқым
жемшөп қоспасы
AL KARAL
Год
2022
Номер
Выпуск 1